Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе салу нәтижесінде біздің әйелдер ұлттық командамыз «2» топқа кіріп, оған Германия, Испания, Швейцария, Румыния мен Туркия құрамалары қарсы тұратын болды.
Іріктеу матчтары 2011-ші жылы қыркүйекте басталады.
Финалдық бөліміне 7 үздік команда мен екінші орын алған доп айырмасы жақсы ең үздік команда енеді.
Өз топтарында екінші орын алған қалған алты команда 2012-ші жылы қазанда жұптасып Еуропа чемпионатына берілетін тағы үш жолдамаға таласады. Чемпионат 2013-ші жылы Швецияда өтеді.