Оның айтуынша, телекөрермендер «Қазақстан» телеарнасының тiкелей эфирiнен 33 матчтың трансляциясын, «Еуразия бiрiншi арнасынан» 32 көрсетiлiмiн және «KAZsport» телеарнасынан барлық кездесулердi көре алады. Ал жабылу салтанатын 13 шiлдеде «Қазақстан» және «Еуразия бiрiншi арнасы» телеарналарынан тамашалауға болады.
«KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәрiп атап өткендей, аталмыш үш телеарна Қазақстан аумағында футболдан әлем чемпионатын көрсету құқығын сатып алды. Сондықтан мейрамханалар, букмекерлiк кеңселер, өзге де кешендер ресейлiк немесе басқа шетел телеарналарынан футбол чемпионатын көрсеткенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.
«Соған байланысты тексерiстер мен рейдтер жүргiзетiн боламыз. Егер шетел телеарналары арқылы футбол матчтары трансляцияланса, тиiстi шаралар қолданылады», - деп атап өттi ол.
Айта кетейiк, қазақстандық комментаторлар мен тiлшiлер елдің спорт журналистикасы тарихында осындай шараны алғаш рет тікелей оқиға орнынан баяндайтын болады.