Футболдан әртістер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты өтеді

Кейбір басы­лымдарда «Арт-футбол» музыкалық фестивалі деп те аталып жүр. Өтетін уақыты - 2-12 маусым аралығы.

Оған 16 елдің құрамасы қатысады. Ұйымдастыру­шы­лар­дың айтуынша, алғашқы әлем чемпионатына өтінішті дер кезінде дұрыс толтырып өткізген елдердің әртістері қаты­сады. Соған қарағанда өтініш беру­ші­лер қатары одан да көп болған сияқты. Бір қызығы, әр елдің әртістерінің сапында екі ардагер футболшы ой­най алады. Мысалы, Чехия құрамдарын әй­гілі Павел Недведпен нығайтса, Ресей Алексей Смер­тин мен Сергей Кирьяковты қосып отыр, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

9 сәуір күні тартылған жеребенің қорытындысы бойын­ша, 16 құрама төрт топқа тең бөлінді:

«А» тобы: Бразилия, Словения, Польша, Эстония.

«В» тобы: Германия, Англия, Ресей, Жапония.

«С» тобы: Чехия, Түркия, Румыния, Корея.

«D» тобы: Голландия, Украина, Словения, Израиль.

Жалпы, әртістер арасындағы әлем чемпионатын өт­кізу туралы ұсыныс алғаш рет 2001 жылы көтеріл­ген. Міне, енді жүзеге асқалы отыр. Әлем чемпиона­ты­ның ойындары Мәс­кеудегі бірнеше стадионда өтеді. Әрі Стас Намин атындағы театрда әлем жұлдыздары­ның қатысуымен күн сайын гала-концерт өткізіліп тұрмақ.