Футболдан ел чемпионатында "Астана" көш бастады

Кездесудің 36-шы минутында “Қайраттың” сербиялық легионеры Жарко Маркович есеп ашты. Үзіліске дейін шабуылда ширақ ойнаған алматылықтар “Таразды” тағы шаң қаптырды. Гол авторы Йосип Кнежевич. Екінші таймда намысқа тырысқан қонақтар Алексей Щеткинның көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Алайда Александр Кислицын бұл кездесуге нүкте қойды. Оның алыстан бағыттаған тамаша соққысы  қақпа төрінен табылды.  

“Ливерпуль” Англия чемпионы болуға бір табан жақын. Футболдан ағылшын примьер лигасының 34-ші турының орталық матчында “Манчестер Ситиды” қабылдаған Брендан Роджерс шәкірттері маңызды жеңіске қол жеткізді.

“Энфилд Роуд” стадионында өткен кездесу ешкімді бей жай қалдырмағаны анық. Бас жүлдеге таласқан қос команда жоғары деңгейлі футбол көрсетті. Дегенмен “Ливерпуль” не бары 6-шы минутта алға шықты. Рахим Стерлинг қорғаушы мен бірге қақпашыны да сан соқтырды. Ал 26-шы минутта Мартин Шкртел алаң қожайындарының екінші добын соқты. Манчестерлік футболшылар да қарап қалған жоқ. Үзілістен кейін Давид Сильва есеп айырмасын қысқартты. Көп ұзамай тағы сол испандықтың соққысынан кейін Глен Джонсон автогол иесі атанды. Тең есеп 78-ші минутқа дейін сақталған. Тек қақпа алдында өрескел қателік жіберген Венсан Компани сындарлы сәтте сыр берді. Мұндай мүмкіндікті құр жібермеген Филиппе Коутиньо “Ливерпульге” маңызды жеңіс сыйлады. Чемпионат аяқталуға төрт тур бар. Естеріңізге сала кетсек “Ливерпуль” Англия чемпионатын жеңбегеніне 24 жыл болған.           


Алматыда Американдық футболдан Қазақстанның «Титаны» мен Қырғызтанның «Барсы» командасы өзара жолдастық кездесу өткізді.

Бішкектің «Барыстары» мен Алматының «Титаны» Орталық Азиядағы жалғыз командалар болып табылады. Және бұған дейін де екі құрама бір-бірімен сан мәрте кездесіп үлгерген. Содан болар қос командада ойынның алғашқы бөлігінде тең ойын көрсетті.Есеп 6-6. Ал шешуші кезеңде жанкүйерлердің қолдауымен жергілікті команда, қонақтардан жеңісті жұлып әкетті. Нәтижесінде 4 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есеп 20-6 «Титандардың» пайдасында.