Футболдан ел чемпионы «Ақтөбе» ірі есеппен оңбай ұтылды

Мәреге екі шақырым қалғанда алғы топтың  ішінен суырылып шыққан Нибали сол бойы  ұзап кетті.   Жеңімпазға екі секнуд ұтылған бельгиялық Грег ван Авермет пен  Польшаның өкілі Михайл Квятковский екінші және үшінші орындарды бөлісті.  Осы жеңістен кейін «Астананың»  лидері  жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.  Оның өкшесін басып келе жатқан  словак Петр Саган мен бельгиялық Грег ван Авермет  Нибалиден екі секундқа қалып келеді.    

   

Ақтық сында швейцариялық  Роджер Федерерді ұтқан  серб Новак Джокович, биылғы  Уимблдонның бас бәйгесін жеңіп алды. Бес сетке созылған қос дүлдүл арасындағы «теннис триллері » 3: 2 есебімен аяқталды.

Нағыз драмаға айналған  шешуші сетте жеңісті жұлып алған  Новак Джокович, осымен екінші рет Уимблдонның  жеңімпазы атанды. Әйелдер додасында  мәртебелі жарыстың бас жүлдесін чехиялық Петра Квитова мен канадалық Эжени Бушар сарапқа салды.  Бұл ойын ұзаққа бара қойған жоқ.  57 минутқа жалғасқан  кездесу тәжірибесі мол Петра Квитованың айқын жеңісімен аяқталды.   Бірінші сетте қарсыласына үш гейм сыйлаған  чехиялық теннисші соңғы сетті 6:0 есебімен таза ұтты.    

 


 Футболдан ел чемпионатының 19- турында Қайрат өз алаңында  7:1 есебімен   «Ақтөбені» ойсыратты. Осы турдың орталық матчы саналған бәсекедегі ірі жеңіс ,  «Қайратты»  турнир кестесінде бірінші орынға алып шықты.

Ақтөбеліктер Алматы төрінде дәл осындай есеппен ұтылар деп кім ойлаған.  Кездесудің 8- минутында алаң иелерін алға шығарған Жерар Гоу бүгінгі  матчтағы  голдар легіне жол ашып берді. Одан әрі  қонақтар қақпасына қарша бораған голдар саны өсе берді.  Кот д ивуарлық Жерар  Гоу осы ойында е үш голмен көзге түссе, Иосип  Кнежевич  екі, тағы бір доп Бауыржан Исламханның еншісінде. «Ақтөбенің» есебіндегіжалғыз голдыАлексей Антонов салды.  Ірі есеппен ұтылғаннан кейін  «Ақтөбенің» жаттықтырушысы Владимир Никитенко  бірден отставкіге кетті. Осы турдағы тағы бір  нәтижелі ойын Астанада тіркелді.  Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған астаналықтар қарсы қақпаға жауапсыз төрт гол тоғытты.