Футболдан Еуропа чемпионатының іріектеу додасындағы Қазақстан мен Беларусьтің жастар құрамасы арасындағы ойын 1:2 есебімен аяқталды

Онда Сергей Боровский жаттықтыратын алаң қожайындары қонақтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Үш доп та ойынның алғашқы жартысында соғылған болатын. Игорь Ковалевич баптайтын беларусьтар бірінші боп есеп ашып, есеп теңескеннен кейін де оны жылдам өзгертуге қол жеткізді. Соның нәтижесінде сырт алаңнан ұпай олжалаған беларусьтар турнир кестесінде бірінші орынға шықты.


Енді қазақстандықтар келесі ойынын сырт алаңда 14 қазанда Армения құрамасымен өткізеді. Олар Ереванға Алматыдан 12 қазанда аттанатын болады.