Футболдан Конфедерация кубогының жеребесі тартылды

Жеребе қорытындысы бойынша Бразилия, Италия, Мексика, Жапония А тобына түсті. Ал Испания, Уругвай, Таити және 2013 жылғы Африка үздігі атанатын құрама В тобында.

Ашылу матчы 15 маусым күні Бразилия мен Жапония арасында болады. Ал 30 маусым күні «Мараканада» финал өтеді.