Футболдан Қазақстан құрамасы биылғы алғашқы ойында жеңіске жетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Талғат Байсуфинов шәкірттері Андрей Карпович бастаған ҚПЛ легионерлері командасымен бақылау кездесуін өткізді. Түркияда өткен кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Бірінші таймда ұлттық құрама мүшелері Асхат Тағыберген (5-минут) пен Оралхан Өміртаев (21-ші) бір-бір голдан соқты.


Екінші таймда легионерлер Кирилл Сидоренконың күшімен соғылған бір допты қайтарып алды.