Футболдан Қазақстан құрамасы Португалиямен кездесуге дайындық үстінде

Біздің футболшылар қарашаның 8-нен 9-не қараған түні Португалияға ұшып барып, Эспиньо қаласында дайындық өткізеді. Команданың бас бапкері Арно Пайперс оқу-жаттығу жиынына бір топ белгілі ойыншыларды шақырды. Қақпашылардан: "Астана" клубынан Давид Лория мен Александр Мокин, ал Ақтөбеден Жасұлан Дехканов; қорғаушылардан астаналық Егор Азовский, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, тобылдық Александр Фамильцев, Қайрат-Алматы клубынан Самат Смаков пен Ордабасылық Мұхтар Мұхтаров. Сонымен қатар, матчқа қатысуға жартылай қорғаушылар - Кайрат Утабаев ("Кайрат-Алматы КТЖ"), Андрей Карпович ("Кайрат-Алматы КТЖ"), Андрей Травин ("Алма-Ата"), Никита Хохлов ("Астана"), Эдуард Сергиенко ("Астана"), Сергей Ларин ("Алма-Ата"), Руслан Балтиев ("Москва"), Қайрат Әшірбеков ("Актөбе"), Пиралы Алиев ("Астана") и шабуылшылар - Мурат Тілешев ("Астана"), Нұрбол Жұмасқалиев ("Тобыл"), Максим Азовский ("Астана"), Дмитрий Бяков ("Астана"), Мұрат Суймагамбетов ("Ордабасы"), Андрей Финонченко ("Шахтер") и Вячеслав Нұрмагамбетовтар ("Тобыл") дайындалуда.ҚФО баспасөз қызметінің мәліметтерінше, "Шахтер" командасының қақпашысы Юрий Новиков шақырылғанмен, денсаулығына байланысты келмейтін болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті