Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған спортшылардың есімдері


Қазақстан футбол федерациясының интернет сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда оны Құрама команда департаменті мен Сұрыптау және талдау бөлімі жасақтап отыр.

Бұл жиынға қақпашылардан - Андрей Сидельников, Александр Мокин мен Давид Лория, қорғаушылардан - Қайрат Нұрдәулетов, Михаил Рожков, Фархадбек Ирисметов, Самат Сымақов, Александр Кислицин, Владислав Чернышов, Александр Киров, Антон Чичулин, Ренат Абдулин, жартылай қорғаушылардан - Андрей Карпович, Қазбек Гетериев, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Аслан Дарабаев, Максим Азовский, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужиков, Сергей Скорых, Евгений Аверченко, шабуылшылардан - Нұрбол Жұмасқалиев, Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко мен Андрей Финонченко шақырылған. Олар 9 ақпан күні Беларус құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болады.