Ол ел намысын Небойша Миличич жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі аяқдопшылар қорғамақ. Құрама 20-23 мамырда Талғардағы оқу-жаттығу базасында соңғы әзірліктерін пысықтайды. Бұл жиынға бапкерлер кеңесінің шешімімен қақпашылардан - Александр Коночкин (Астана), Қамал Рашидов (БИIК), Михаил Голубничий (Ертіс), қорғаушылардан - Қасымжан Тайыпов, Сергей Кейлер (Қайрат), Аслан Сүлейменов, Рафкат Аслан (Бәйтерек) Темірлан Әділханов (Жетісу), Мәдияр Нұралы (Тараз), Павел Халезов (Астана) пен Дмитрий Моисеев (Шахтер), жартылай қорғаушылардан - Нұрлан Дайыров, Магамед Узденов (Қайрат), Берік Шаихов (Бәйтерек), Владимир Воменко (Ертіс), Олжас Ілиясов (Тобыл), Қуаныш Ермеков (Шахтер), Самат Жарынбетов (Екібастұз), шабуылшылардан - Абат Айымбетов (Ақтөбе), Біржан Сағындық (Ертіс), Георгий Макаев (Қайрат) пен Виталий Ли (Шахтер) шақырылып отыр. Олар Голландияға 23 мамырда атанады. «В» тобында бақ сынайтын қазақстандықтардың қарсыластары 20 жасқа дейінгі Мексика құрамасы мен Бельгияның «Брюгге», Германияның «Боруссия Менхенгладбах» командалары болмақ. Ал «А» тобында жарыс қожайындарының «Адо ден Гааг», Ұлыбританияның «Манчестер Сити», Бразилияның «Крузейро» командалары мен Шотландияның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы топтасып отыр. Онда қазақстандықтар топтық сындағы алғашқы ойынын 25 мамырда мексикандықтармен, 26мамырда бельгиялық және германиялық аяқдопшылармен өткізеді. Егер өз тобында 1-2 орын алса 27 мамыр күні жартылай және ақтық финалда жүлделі орындарды сарапқа салуға қатысады.