Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан командасын 3:1 есебімен жеңді

Турнирдың ашылуындағы матчта Ресей құрамасы Қытай атынан қатысқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының құрамасын ойсырата жеңді. Есеп 4:0, жеңіс Дмитрий Аленичев пен Дмитрий Ананконың жаттықтыруындағы балалар пайдасына есептелді.

Бернд Шторк жаттықтыратын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстаннан келген құрдастарын 3:1 есебімен жеңді.

Бүгін Тәжікстан спортшылары мен Қазақстан құрамасының екінші құрамы ойын алаңына шығады.