Футболдан Еуропа біріншілігінде Уэльс құрамасы Бельгияны ірі есеппен ұтты. Бұл туралы чемпионаттың Еуро-2016 ресми сайтына сілтеме жасай отырып Karavan.kz сайты хабарлайды.
Бельгия футболшылары 13-минутта есеп ашты. Рома командасының ойыншысы Раджу Наингголананың алыстан тепкен добы қақпадан табылды. Әйтседе 31-минутта Уэльстің капитаны Аарон Рэмзидің пасын ұтымды пайдаланған Эшли Уильямс гол соғып, есепті теңестірді.
Үзілістен кейін Хэла Робсон Кану екінші допты қақпаға тулатса, 86-минутта Сэм Воукс үшінші допты соқты. Осылайша есеп 3:1 есебімен аяқталды.
Келесі кездесу бүгін өтеді. 1/4 финалда Германия мен Италия командалары жолығады