университет кампусының жетінші қабатының терезесінен секіріп кеткен,деп хабарлады сейсенбіде жергілікті БАҚ.
Қытай газеттері сілтеме жасаған көзкөргендердің айтуынша, оқиғадан біраз бұрын жас жігіт 10 минуттай телефон арқылы біреумен сөйлесіп, одан өзі ұтылған ақшаны қайтаруға біраз уақыт беруін өтінген. Телефон тұтқасын қойған соң ол курстастарының жанынан кетіп қалған.
Терезеден секірген жас жігіт бірден ауруханаға жеткізілгенімен,дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Жас жігітпен бірге оқитын студенттердің айтуынша, ол футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің бірнеше ойындарына ұтыс тігіп, 20 мыңдай юань (3,2 мың доллар.) ұтылған. Тотализаторға қатысу үшін жас жігіт үлкен пайызбен ірі сомада ақша қарыз алғаны белгілі болды.