Футбол:«Қазақстан - Швеция» матчын тікелей эфирден көруге болады

Швеция жерінде өтетін матчты қазақстандық жанкүйерлер «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көре алады. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:20-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Ирландия командасымен кездескен Қазақстанның футболшылары 1:2 есебімен ұтылған болатын.