Футболшы Андрей Аршавин блогердің шашын алып тастады

Қазақстандық блогер, журналист Петр Воликов Республика алаңындағы "Алмалы" сауда үйіне барып, шашынан айырылып қайтты. Ал оның шашын тықырлап алып берген «Қайрат» клубының шабуылшысы Андрей Аршавин. Бұл туралы Caravan.kz меди-порталы хабарлады. 

Футболшының бәстен жеңілген блогердің шашын алу рәсімін қызықтап көрушілер көп болды. Осылайша бір маусымға созылған бәсеке межесіне жетті.

Еске сала кетсек, Андрей Аршавин «Қайрат» клубына ауысқанда блогер Петр Воликов ресейлік спортшының қандай да бір нәтиже көрсете алатына сенімсіздік танытқан. Журналист егер  Аршавин «Қайрат» сапында 8 гол салса онда шашымды тақырлап алдырып тастаймын» деп бәстескен болатын.

Ал журда «Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларының кездесуінде Андрей Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды. Ойын соңында футболшы журналистке қарата видеосәлем жолдады. Онда спортшы бәстен ұтылған блогерге шашын өзі алып берететінін айтқан болатын.

Өз кезегінде блогер Петр Воликов та шаш қиятын құралдарын қолына алып Алматыда кездесетін орыны мен уақытын белгіледі.


Келісім бойынша кездесуді бүгін сағат 14:00-де басталды.