Футболшы Марио Балотелли Instagram-дағы сөзі үшін кешірім сұрады

Италия құрама командасының және «Ливерпуль» клубының ойыншысы, қара нәсілді Марио Балотелли «Супер Марио» компьютер ойыны туралы пікірі дауға айналғасын оны бірден өшіріп тастады. Онда ол: «Супер Марио қара нәсілді адамша секіреді, еврейше тиын жинайды» деп жазған. Балотелли осы сөзі егер біреулерге ауыр тисе, кешірім сұрайтынын айтты.

«Ливерпуль» ойыншысы өзін антисемит, ұлтқа бөлінуші деп айыптағандарға Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы жауап берді. Онда: «менің шешем - еврей, сондықтан, дауды тоқтатыңдар», -деп жазды ол.