Оның айтуынша, спортшыларға футболшылардың бір айда алатын жалақысын төлеп беру керек деп хабарлайды Caravan.kz
Қуат Хамитов бұл ойымен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Достар, бәріне ассалаумұғалейкум! Барлық палуандарды құттықтағым келеді. Грек-рим, еркін, әйелдер күресі, бәрін құттықтаймын! Бұл тарихи жеңіс және біздің палуандар топта бірінші орыннан көрінді. Олар жалпы командалық бірінші орын алды. Енді біздің балуандар Азияда нөмірі 1-ші болады. Cпорт министрлігі, федерация, президентке де шағымданып тұрған жоқпын. Бірақ футболшылардың ай сайын алатын ақшасының бір айлығын, 20-25, 30 мың долларды Азияда чемпион болған, күміс, қола жүлдегер атанған спортшыларға беру керек деп есептеймін. Себебі спорт ол нәтиже!
Спортта ешқашан бір сайысқа қатысқаныңыз үшін ақша бермейді, спортта қашан да нәтиже көрсеткеніңіз үшін ақша төленеді. Ал біздің жігіттер нәтиже көрсетті ме, естеріңізде болсын, оларға қашасын төлеңіздер! Себебі біздің футболшылар ешқашан Азия чемпионы болмайды. Олар чемпион болмақ түгілі, көршілерді жеңе алмайды. Сондықтан осыны қолға алыңыздар», - деп айтты ол.
Желі қолданушылары оны қолдап, түрлі пікірлерін жаудырды.
«Иә, дұрыс айтасыз, хоккейшілердің де айлықтарын азайту керек», «Негізі дұрыс бастама, егер жүзеге асса әрине», «Сіз де жақсы нәрсе айтады екенсіз ғой, дұрыс қолдаймыз» деп жазды олар.