Г. Головкин мен Д. Лемьенің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы армян-канадалық боксшы Давид Лемьемен 17 қазан күні жұдырықтасатын болды. 

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

«Геннадий Головкин мен  Давид Лемьенің жекпе-жегі 17 қазан күні  Нью-Йоркетгі Madison Square Garden-де өтеді. Американдық НВО арнасы оны тікелей эфирде көрсетеді», - деп жазылған хабарламада.