Гаагада Қазақстанның халықаралық бастамаларына арналған көрме ұйымдастырылды


деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен. 

Аталған іс-шара барысында голландиялық депутаттық корпусына және жергілікті БАҚ өкілдерінің назарына еліміздің басты бастамалары, атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне және 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткерлігі, ЭКСПО-2017, АТОМ жобасы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, сондай-ақ стратегиялық «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» бағдарламалары ұсынылды. 
Қазақстандық стенд және арнайы дайындалған мультимедиялық слайд көрсетілімі Нидерландының саяси орталарының қызығушылығын тудырып, олардың Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуының бағытымен барынша жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Голландиялық кәсіпкерлер қауымдастығы Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіктерін назарға ала отырып, жәрмеңкенің инвестициялық бөлігіне, ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталған инвестициялық жеңілдіктерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында нидерландтық депутаттар Қазақстанның халықаралық сахнадағы маңызды бастамаларының ұтымдылығын атап өтті.