Г.Әбдіқалықова мен А.Сомма әлеуметтік салалардағы маңызды мәселелерді талқылады


Жүздесу барысында Мемлекеттік хатшы 2015 жылдың 22 қаңтарында Давоста 2015-2016 жылдарға арналған ЭЫДҰ-Қазақстан арасындағы жеке ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылуы екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейге жеткендігінің белгісі екендігін атап өтті. «Біз ЭЫДҰ-мен дәл осындай жеке бағдарламаға қол жеткізген алғашқы мемлекетпіз және мұны Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ мүшелері қатарына енуінің алғашқы қадамы деп есептейміз», - деді Г.Әбдіқалықова.

Кездесу барысында білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграция салаларындағы маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар гендерлік теңдікті күшейту мен экономика саласындағы қызметке әйелдердің   толық қатысуының арқасында Қазақстанның бәсекелестік қабілетін көтеруге бағытталған ЭЫДҰ бастамасы жеке мәселе ретінде қарастырылды.