Гагариннің ғарыштық кемесінің бөлшегі аукционда сатылатын болады

деп хабарлады Auctionata аукциондық үйінің баспасөз қызметі.

"Колекцияның басты хиттарының бірі -"Восток" ғарыштық кемесінің бөлшегі, бұл кемемен 1961 жылы Юрий Гагарин адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа ұшқан. Гагарин кеменің қонуы кезінде тежеуіш қондырғының осы бөлшігіне қол қойған", делінген дүйсенбіде "Интерфакс-АВН" түскен хабарламада.

Аукционға француз коньягының бөтелкесі де қойылмақ, Ю.Гагарин 1967 жылы 11-ақпан күні өзін "Союз-1" ғарыштық кемесінің экипажына дублер ретінде тағайындаған кезде содан ішкен және онда жазуын қалдырған.