Гагариннің көкнәрдің дәніне салынған ең кішкентай суреті ғарышқа жіберілмек


«Бұл дүниедегі ең кішкентай және тұңғыш ғарыштық музей. Оның салмағы 246 грамм», - дейді Владимир Анискин.

Өнерпаз ғарышкердің суретін көкнәрдің, күріштің және бидайдың дәніне бейнелепті.

Бұл портреттерді Владимир Анискин 3 жыл салған. Мамыр айындағы мерекелерден кейін микросуреттер Росғарышқа жеткізіледі, одан кейін ХҒС-ға жіберілмек.