Гаити жағалауларында кеме суға кетіп, 20 адам қаза тапты


Суға кеткендердің мүрдесі Ле-Борнь қаласы маңындағы жағалаудан табылған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар Кариб теңізіндегі Теркс, Кайкос аралдарына жетпек болған мигранттар. 
Алайда, теңіз бетінде толқын тұрып, кеме қайта қайтпақ болған. Сол кезде аударылып қалған болуы мүмкін. 
Оқиғадан аман қалғандар туралы ақпарат жоқ.