Галбадрах Отгонцэцэг Гаагадағы Гран-приде ел намысын қорғайды

Бүгін Нидерланд елінің Гаага қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қарашаға дейін жалғасатын Гран-при турниріне Қазақстан құрама командасынан 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг қатысады. Ол жалғыз өзі ел намысын қорғайтын болады. Аталмыш жарысқа әлемнің 46 елінен 262 дзюдошы бақ сынайды.