Галина Воскобоева Hansol Korea Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты

Сеулде өтіп жатқан турнирдің ширек финалдық кездесуінде бүгін Г. Воскобоева ресейлік Вера Душевинадан 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Бұның алдында аталған теннисшілер бір-бірімен бес мәрте кездескен. Алайда Воскобоева оның тек біреуінде, 2009 жылы Майами турнирінде жеңген болатын.

Енді жартылай финалдағы жерлесіміздің келесі қарсыласы словениялық Полона Херцог атанады.

Воскобоева ширек финалдағы жеңісінің арқасында өзіне турнирдің 10 200 АҚШ доллар сыйақысы мен WTA рейтингісінде 130 ұпайын қамтамасыз етті.