Галина Воскобоева Мароккода ITF «Casablanka» турнирінің жартылай финалына өтті

Бұл туралы ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Г.Воскобоева (WTA рейтингісінде 317-ші) Мароккода өтіп жатқан ITF Casablanka халықаралық әйелдер турнирінің жартылай финалына өтті. Турнирдің жүлде қоры 25 мың АҚШ доллары. Ширек финалдық матчта қазақстандық теннисші 6:3, 6:2 есебімен румындық Александра Кадантуды жеңді», - деп атап өтті Федерацияның баспасөз қызметінен.

Жартылай финалда Г.Воскобоева турнирдің бесінші ракеткасы итальяндық Анна Флориспен (WTA рейтингсінде 163-ші) кездеседі.

Теннистік турнирдің ширек финалындағы жеңісіне дейін Г.Воскобоева ITF Casablanka-ның екінші кезеңдік матчында француздық Кристина Младеновичті 7:5, 6:4 есебімен екі сетте де ұтты. Ал дүйсенбі күні бірінші айналымдағы матчта перулік Бианка Боттоны 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңді.