Галина Воскобоева Р. Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.

Квалификацияның ақтық сынында 28 жастағы отандасымыз қытайлық И-Мяо Чжоуды ұтты. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Айта кеткен жөн, WTA рейтингісінде Воскобоева 121 сатыға жайғасса, 22 жастағы қытайлық спортшыға 157-ші орын берілген. Бұған дейін екі теннисші жарыс алаңында кездеспеген.

«Ролан Гарростың» алғашқы айналымында Г. Воскобоевамен біліктілік сынынан сүрінбеген 19 жастағы америкалық Грэйс Мин шеберлік байқасатыны анықталды. WTA рейтингісінде Мин 208-ші сатыда тұр. Бұған дейін теннисшілер мықтылықтарын сараптамаған.

Жарыстың негізгі бөлігінде тағы екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Ярослава Шведова америкалық Коко Вандевагемен кездессе, Юлия Путинцеваның қарсыласы - жапондық Аюми Морито.