Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Республикасы ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7-орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады — 52.78 ұпай (26-орын).
Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3-орын) жинаса, Павелдің көрсеткіші – 79.98 ұпай (7-орын).
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды.