Шараның барысында Елші Нұрлан Онжанов ҚР Құрметті жаңа консулы Йохан Киллингерге консулдық патент тапсырып, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі істе табыс тіледі. Қазақстандық дипломат ҚР Құрметті Консулдығының Гамбург қаласында ашылуы қазақ-герман ынтымақтастығы тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі, ал оның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың толық кешенінің дамуы мен күшеюіне ықпал ететіне айтты. ҚР Елшісі неміс қатысушыларын «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауының басты мақсаттары мен басымдықтарымен таныстырып, Гамбургпен халықаралық жүк тасымалы, логистикалық қызмет ету және бірлескен ғылыми зерттеу салаларындағы ынтымақтастықтың болашақтарына назар аударды.
Гамбург жерінің экономикалық мәселелері бойынша сенаторы (министр) Франк Хорх Қазақстанның Гамбургтағы Құрметті Консулдығының ашылуын шын жүректен қошеметтеп, іскер, ғылыми және зиялылық топтарды байланыстырып тұратын буын ретінде өңірдегі өкілдіктің тәжірибелік маңыздылығын атап өтті. Неміс саясаткерінің айтуынша, Қазақстан Президенті ұсынған Қазақстанның 2050 жылға дейін дамуы бойынша стратегиялық құжат тығыз екіжақты ынтымақтастықты және оларды өзара тиімді жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Бундестаг депутаты Юрген Климке федералдық деңгейдегі жемісті сауда-экономикалық қатынастарды хабар етіп, Гамбургтың іскер топтары шикізат пен технологиялық серіктестіктің шеңберінде екіжақты жобаларға, сондай-ақ ҚР индустрияландыруы үдерісіне қатысуға шақырды.
Қазақ-герман қатынастарының одан әрі тереңдеуі мен кеңеюі аясында, сондай-ақ елдің федералдық құрылымы салдарынан, Германия өңірлерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі. Гамбург - Германиядағы мөлшері бойынша екінші қала, Еуропалық Одақтағы сегізінші болып табылады және әлемдегі үлкен бір кемежайы бар қала. Гамбург қаласында өркендеген және заманауи портты инфрақұрылымы бар және жоғары технологиялық көлік және логистика саласындағы кәсіпорындардың бірсыпырасы орналасқан. Және де бұл қала медициналық техника мен биотехнология саласындағы жетекті орталық, сонымен қатар авиақұрылым саласындағы дүниежүзілік орталық болып саналады. Қазіргі уақытта Гамбургта 90-нан астам шетел өкілдіктері қызмет етуде.