ГАНДБОЛ: Азия чемпионатында қазақстандық қыздар Индонезияны ойсырата жеңді

В тобындағы ойындар аясында қазақстандық қыздар  Индонезия құрамасын ойсырата жеңді. Есеп - 68:5 (32:2). 

Осы жеңістің нәтижесінде қазақстандықтар төрт ұпаймен өз тобында көш басына шықты.

18 наурызда Қазақстан құрамасы Гонконгпен ойнайды, деп хабарлайды sports.kz.