Гарет Бэйл Мадридтің «Реалына» ауысты


Маусым айынан бері жалғасып келе жатқан келіссөздер екі клубтың уағдаластығымен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Бэйл өткен маусымда Англия чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған болатын. Осыдан соң топ-клубтар арасында оған деген қызығушылық артқан еді. Алайда «Тоттенхэм» 100 млн. еуро төлеген жағдайда ғана футболшыны командадан жіберетінін мәлім етіп, талайды үркітіп алған көрінеді.