«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықова туралы жазды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі бұл жазбасын Instagram stories-те бөлісті. Ол соңғы бес жылда алғаш рет Дариға Бадықовамен бір ай бойы көріспегенін айтып, екеуінің де мінезі оңай емес екенін жазған.

"5 жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік, екеуіміз де оңай адам емес екенбіз… Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңқалдырады… енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Терең науканы дұрыстап зерттеп алмасам жарылқай бергенге жанып кетер жайым жоқ, сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым", деп жазды Олжас Абай.