Ғасырға жуық тарихы бар Түрксіб станциясының вокзалы жаңартылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайта жаңарту аясында жалпы ауданы 1 301 шаршы метр болатын қолданыстағы екі қабатты ғимаратқа кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлік желілерін жаңарту шаралары жүргізілді.