"Газ баллонын шашып кеткен": Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 5 қазан күні сағат 10.30-да №55 мектепте болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер мектеп оқушыларының белгісіз затпен уланғанын анықтаған.

"Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келіп, жеті оқушы мен мектеп қызметкеріне алғашқы көмек көрсетті. Улану белгілері бар үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Олар оттегі терапиясынан өтті. Оқушылар екі сағат бойы медициналық бақылауда болып, үйлеріне жіберілді", - деп толықтырды департамент.

Алдын ала ақпарат бойынша тапа-тал түсте 9 сынып оқушысы бірі мектеп ішіне қарақшылық шабуылдан қорғанатын газ баллонын шашқан. Газ баллоны қыздың әкесіне тиесілі болған.