"Еліміздің барлық аймақтарында газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан қаңтар айында жеті газ жарылысы болып, одан 3 адам қаза тауып, 27 жарақаттанды", - деді С. Мұратбекова.
ТЖМ мәліметтері бойынша, қаңтар айында 65 өндірістік және тұрмыстық өрт тіркелді. Оның салдарынан 134 адам мерт болып, түрлі күйіктерге шалдығып, көмір қышқыл газынан уланған 153 адам ауруханаға жатқызылды.
"Газдың таралуынан болатын апаттармен бірге сұйық отын және көмір арқылы жағылатын пештерді дұрыс пайдаланбауынан туындайтын оқыс оқиғалардың жиі шығуы мамандардың алаңдаушылығын туғызады. Статистика мәліметтері бойынша, тіркелетін өрттердің 10 % негізінен осындай жағдайлардан туындап, адамдардың өліміне әкеледі", - деп атап өтті С. Мұратбекова.