Газ құбырындағы гайка ұрлануы себепті Петропавлдың бірнеше ықшамауданы бір апта бойы газсыз отырды

ІІД хабарлағандай, газбен қамтамасыз етуші кәсіпорындардың қызметкерлері "Бетон үйлер" ауданының, 19 және 20 ықшамаудандардың тұрғындарының қауіпсіздігі үшін осы шараларға баруға мәжбүр болды".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұған себеп газ құбырынан байланыстырушы гайкалардың жаппай ұрлануы.

"Газ құралдарын істен шығарған криминалдық ұрлықтарды полиция қызметкерлері ұмыта да бастады. 2002 жылы полицияның казармалық жағдайға көшірілуіне себеп болған "газшы" тұтқындалған. Енді міне қола гайкаларды ұрлаудың жаңа оқиғасы", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қоладан жасалған гайкаларды тонауға күдікті ретінде қаланың №9 мектебінің 5 оқушысы тұтқындалды, деген ақпарат берді баспасөз қызметі.

"Оқушылар 200-300 теңгемен гайкаларды үш металл қабылдау орнына өткізген. Тапқан ақшаларын компьютер клубтары мен өзге де ойын-сауық орындарына жұмсаған", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлер сұраққа алынған және ата-аналарының кепіл болуымен бостандыққа шығарылды.