Газа секторында атыс тоқтамай тұр


Қарапайым халықтан маза кеткен. Қазіргі мәлімет бойынша, қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны екеу. Оның бірі бес айлық сәби. Жергілікті аурухана дәрігерінің айтуынша, олар қарулы шабуыл салдарынан көз жұмған. Бұған дейін Израиль тарапы 5 сағаттық үзілістен кейін Газаға қайта соққы беретінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда қарулы шабуыл әуеден де, жерде де, теңізде де жүргізіліп жатыр. Жалпы, Израиль оқ атуды бастаған бір апта ішінде 500-дей адам ажал құшқан.