Газа секторында атыс тоқтамай тұр


Тараптардың текетіресіне Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун бастаған арағайындық етушілер де тоқтау болар емес. ХАМАС содырларын нысанаға алдық деген Израиль әскері бейбіт тұрғындарға да қарап жатқан жоқ. Ал Иордан өзенінің батыс жағалауында ХАМАС-ты қолдаған шерулер жалғасуда. Радикалды жастар тобы Израиль әскерилерін таспен атқылады. Жауап ретінде сарбаздар оқ жаудырған.