Газа секторында үш күндік ымыраласу басталды

Бұл туралы бүгін Би-би-си мәлімдеді.

Израиль дүйсенбі күні қақтығысты ұзақмерзімдік реттеу туралы келіссөздерді жалғастыру үшін Египетке делегация жібереді.

Осымен төрт аптаға созылған палестин-израиль қатынасындағы қазіргі шиеленіс барысында екі мыңға жуық адам қайтыс болды, оның 1900-ден астамы палестиндік.

Израиль жағынан 67 адам көз жұмды. Оның үшеуі азаматтық тұлғалар.