Газада тек мылқаулар ғана қызмет көрсететін мейрамхана ашылды

muslim.kz мәліметіне қарағанда, кәсіпкерлер бұл жобаны жүзеге асыруда екі мақсатты көздеп отыр: біріншісі, мүмкіндігі шектеулі мылқау жандарға қоғам назарын аудару, екіншісі, жұмыссыздық деңгейін азайтуға үлес қосу. Газа секторындағы халықтың 45 пайызы екі қолға бір күрек таба алмай жүргенін айта кету керек.

Ахмед Даһман ым-ишарат тілінде былай дейді: «Бұл жұмыс менің болашаққа деген сенімімді нығайта түсті. Бұған дейін маңдай теріммен ақша табу миыма кіріп те шықпайтын. Мейрамханаға келетін адамдардың да тарапынан үнемі жылы қарым-қатынас пен қолдау сезінеміз. Көбісі ым-ишарат тілін үйреніп алуға ниет білдіріп жүр».

Расында, бұл мейрамхананың ашылуы осындай мұқтаж жандар үшін таптырмас мүмкіндіктер ашып отыр. Себебі, Газа секторында мылқаулардың көбісі арнайы білім де ала алмайды екен.