Генерал Майкеев ауыр сырқатқа шалдыққан

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасарына тергеу кезінде-ақ, алғаш рет  операция жасалған екен. Содан беті бері қарамаған, керісінше ауруы асқынып кеткен. Әзірге Майкеев абақтыда ем қабылдап жатыр. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Бағдат Майкеевті биыл ақпанда Астанадағы өзі  тұратын үйдің ауласында 2 миллион доллар пара алып жатқан жерінде  ұстаған еді. Ол бұл ақшаға жеке кәсіпкердің мемлекеттік тендерде жеңіске жетуіне көмектеспек болған. Сөйтіп, Майкеев «ірі көлемде пара алды» және «заңсыз қару-жарақ сақтады» деген айыппен 6 жылға темір торға тоғытылды. Бұған қоса оның бар мүлкі тәркіленіп барлық әскери шенінен айырылған болатын. Енді жазасының 5 айын өтеген генерал, денсаулығының нашарлауына байланысты түрмеден босап шыға алады.


Айнұр Ғаниева, Қылмыстық атқару жүйесі комиеті медициналық бөлімінің басшысы:

-Сотталғандар  жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулармен ауыратын болса, оны сотта қарау мәселесі қарастырылады. Негізінен аурулар тізбесі бар.Сот ауруын ғана қарастырмайды, оның жасаған қылмысының ауырлығына қарайды. Және жазасын өтеу кезінде мінез-құлқының ерекшеліктерін  ескере отырып  шешім қабылдайды.