General Motors ақаулары бар Chevrolet пен JMC көліктерінің 145 мың данасын қайтарып алуда

"Шевроле Колорадо" және "Джи-эм-си Кэньон" пикаптарының 145 мың данасын қайтарып алуда. Эй-би-си телеарнасы сенбі күні хабарлағандай, капоттың құлыбының ақауы бар және ол көліктің қозғалысы барысында өздігінен ашылып кетуі мүмкін.

Аталмыш ақаулықты жою үшін 2010-2012 жылы шыққан көліктер қайтарылуда: олардың 118,8 мыңы - АҚШ-тан, 15,2 мыңы - Канададан, 7,9 мыңы - Мексикадан, 4 мыңы - өзге мемлекеттерден.