Генерал Жоламанов параны «аға» деген лақап атпен алып отырған

Дегенмен, судьяда генералдың қан қысымына қарап отыратын уақыт жоқ. Адвокаттары да оны үйқамаққа ауыстыруды сұрағанымен, өтініштері ескерілген жоқ. Сондықтан Жоламанов сот залына бүгін қайта әкелінді. Ал куәгер ретінде жауап беріп жатқан қызметтестер генералдың былығын бірінен соң бірін әшкерелеп жатыр. Айтуларынша, «аға» деген лақап атпен танымал Жоламановқа ауық-ауық өз қолдарымен ақша жеткізіп отырған. Тіпті тоқалына дейін теңге сұратты деген еді өткен аптада бір куәгер. Шекара қызметінің экс-басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, тендерді ұтып беру үшін кәсіпкерлерден 252 миллион пара алды деп айыпталуда. Десе де генералдың өзі оның бірде бірін мойындаған емес. 

Loading...