Генералдың өлімі ақыры жұмбақ күйінде қалды


Генерал 31-ші қаңтар күні өз кабинетінде атылып өлгенде, «суицидке мәжбүрледі» деген баппен қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда тергеушілер «мәжбүрлегендерді» сол күйі таппапты. Айта кетсек, Талғат Есетов Шымкент шетінде құлаған АН-72 ұшағынан кейін украиналық кәсіпорыннан пара алды деп күдікке ілінген болатын. Өйткені шекара қолбасшылары опат болған әуе кемесінің жөнделуіне байланысты келіссөзбен дәл осы Есетов айналысқан көрінеді. Осы былыққа қатысты шатылатынын білгенде Астанадан оралған генерал атылып өлген. Бірақ әскери прокуратура құпиялылықты желеу етіп артық ештеңе айтпай отыр.