Салтанатты тапсыру рәсімі кезінде Головкин болашақта мексикандық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.
«Бұл мен үшін ең айтулы күн, өте бақыттымын. Әрине, менің негізгі назарым қазір 21 ақпанда Монте-Карло қаласында WBC Silver чемпионы Мартин Мюрреймен айқасқа дайындалуға ауып отыр.
Болашақта Сауль Альвареспен айқасуым, әрине, мүмкін. Бұл барлық жанкүйерлер үшін нағыз сыйлық болар еді», - деген Геннадий Головкиннің сөздерін келтіреді BoxingScene.