Геннадий Головкин ESPN тұжырымдамасы бойынша Р4Р рейтингінде өз орнын сақтап тұр

салмақ дәрежесіне тәуелді емес (Pound-4-pound) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі шықты, деп жазады Sports.kz.

Нью-Йоркте өткен бокс кешінен кейін көшбасшы болып Роман Гонсалес қалып отыр. Екінші орын Геннадий Головкиндікі болып қалды, ал бірінші үштікті Мэнни Пакьяо жапты.

Үздіктер ондығы осындай:


1. Роман Гонсалес

2. Геннадий Головкин

3. Мэнни Пакьяо

4. Гильермо Ригондо

5. Андре Уорд

6. Сергей Ковалев

7. Тимоти Брэдли

8. Владимир Кличко

9. Мигель Котто

10. Сауль Альварес.