Геннадий Головкин: ESPY аталымы - мен үшін үлкен абырой


Бұл туралы Sports.kz. хабарлады.

«ESPY 2014 жүлдесінің «Жыл жекпе-жекшісі» аталымына ұсынылуым мен үшін үлкен абырой, бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріме қолдау көрсеткені үшін ризамын», - деп жазады боксшының сөздерін FightHype.com.

«Геннадий - керемет әсерде қалдыратын боксшы. Бұл аталым оған үлкен назар аударылып отырғанының, оның шаршы алаңға шығулары әлемдік деңгейге өтуінің тағы бір көрінісі екенін көрсетіп отыр», - деп атап өтті спортшының промоутері Том Леффлер.