Геннадий Головкин Францияда кәсіпқой бокстың ІВО және WBА нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын қорғайды

8 сәуірде 30-ға толатын Г.Головкиннің бұл жолғы қарсыласы 33 жасар Гана азаматы Осуман Адам болғалы отыр. Бұған дейін 19 қаңтарда АҚШ-та американдық Габриэл Росадоны 7-ші раундта техникалық нокаутпен ұтқан Геннадий Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) чемпионы атағын төртінші, ал Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) Әлем чемпионы атағын 7-ші рет қорғамақ. Қазақстандық боксшы 25 кездесуде түгел жеңіске жеткен болатын.

Гана елінде 1980 жылы 24 желтоқсанда өмірге келген Осуман Адам болса бұған дейін 23 кездесу өткізіп, оның 20-сында (15-ін нокаутпен) жеңіп, үшеуінде (біреуінде нокатпен) жеңіліс тапқан болатын. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2011 жылы 25 мамырда өткізген ол, 30 қарашадағы үшінші кездесуінде бос тұрған Гана чемпионы атағын, 2012 жылы 8 ақпандағы 4-ші кездесуінде бос тұрған West African Union чемпионы атағын жеңіп алды. Оларды 2 рет қорғаған соң, 2004 жылдың 30 шілдесінен бос тұрған Бүкіәлемдік бокс ұйымының (WBО) Африка чемпионы атағын иеленді. Одан кейін АҚШ-та рейтингтік жекпе-жектерде 2009 жылы 21 тамыздағы 14-ші кездесуінде Диах Дависке, 2010 жылы 30 сәуірдегі 19-шы кездесуінде Дон Георгиге жеңілді. 17 желтоқсандағы 20-шы кездесуінде бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының халықаралық чемпионы, 2011 жылы 25 наурызда 22-ші кездесуде бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының Құрлықаралық және USBA чемпионы атағын жеңіп алды. Ал 2012 жылы 7 наурыздағы Халықаралық бокс федерациясының чемпионы атағы үшін болған соңғы жекпе-жегінде Австралияда Даниел Геалиден жеңіліс тапқан болатын.