Геннадий Головкин «Канеломен» жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр

Онда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) жаттығып жатқан сәті бейнеленген, деп хабарлайды Sports.kz. Үзіндіден Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көруге болады. GGG мен «Канелоның» бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде T-Mobile Arena-да өткен еді. Ол дау-жанжалмен аяқталып, жеңіс ешкімге бұйырмаған болатын. Көптеген сарапшылар және жанкүйерлер Геннадийдің таза жеңісін әділетсіз тартып алды деген пікірде қалды. Енді рематч 15 қыркүйекте болады. Геннадий Головкин мен оның жаттықтырушысы Абель Санчес бұл жолы тек қана нокаутпен жеңетіндерін бірнеше рет айтты. «Канело» өз кезегінде биылғы жекпе-жек өткен жылға қарағанда қызығырақ болатынын айтып жүр.